Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет»веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.Комиссия нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін қарастырады.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.