Жуалы ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы Жуалы аудандық сайлау комиссиясының қаулысы
Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1–тармағының 2) тармақшасына және 2–тармағына сәйкес және Жамбыл облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 6-2 «Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу үшін Жамбыл облысы бойынша пилоттық өңірлердің тізбесін белгілеу туралы» және № 6-3 «Жамбыл облысы бойынша пилоттық өңірлерде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы» шешімдерінің негізінде Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын. 2. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық «Jana omir–Новая жизнь» газетінде жариялансын және Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Дата публикации
15 сентября 2023