2023 жылғы 6 тамызда Жуалы ауданының Билікөл және Нұрлыкент ауылдық округтері әкімдерін сайлауы өтті

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 6 тамызда Жуалы ауданының Билікөл және Нұрлыкент ауылдық округтері әкімдерін сайлауы өтті

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жуалы ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы сайлау қорытындыларын анықтады:

Билікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 787 азамат енгізілді, оның ішінде 553 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Камбарбеков Е.Б. – 417; Шокенов М.Е. – 78; Камалов И.К. – 42.

Билікөл ауылдық округінің әкімі болып Камбарбеков Еркебулан Бекович, 1990 жылы туған, «Жуалы ауданы әкімі аппараты» персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы, Жуалы ауданы Қайрат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған, сайланды.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Жуалы ауданының Билікөл ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2705 азамат енгізілді, оның ішінде 1921 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Рақымбек Н.А.– 1572; Сламбай О.Б. – 213; Курмашев Е.А. – 122.

Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі болып Рақымбек Нұрсұлтан Аманбекұлы, 1994 жылы туған, «Жуалы ауданы әкімі аппараты» кеңсе қызметі бөлімшесінің басшысы, Жуалы ауданы, Түктібай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған, сайланды.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2023