Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округі, Қайрат ауылы «Школьная» көшесінің тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы №1

Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округі, Қайрат ауылы «Школьная» көшесінің  тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы

№1

 

Қайрат ауылы                                                                      24 шілде 2023 жыл

 

Жиналыс төрағасы – Ақсай ауылдық округі әкімі М.Мәтен.

Хатшы – Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Кадиров.

 Қатысқандар:

  1. Қайрат ауылындағы көше тұрғындары – 21 адам (тізімі қоса тіркелді)
  2. Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері - 1 адам

 

Күн тәртібінде:

 

Ақсай ауылдық округі, Қайрат ауылындағы Школьная көшесіне қайта атау беру туралы

         Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округ әкімі М.Мәтен, көше тұрғыны Д.Кенжебеков сөз сөйледі.

         М.Мәтен: Округте халық санының көбеюіне байланысты ауылға жаңа көшелер қосылып, елдімекен жерлері кеңейтілген. Бүгінгі күнде Қайрат ауылындағы Школьная көшесі орысша аталған екендігін ескере келе, Республикалық ономастика комиссиясы ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында бекіткен «555 Тарихи тұлғалар», «380 Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімдерді басшылыққа ала отырып, төмендегі көше атауларының тізімін ұсынып, бірауыздан шешімге келуді сұраймын.

         Школьная көшесіне – «Арасан» көшесі деп атау беруін ұсынамыз.

Д.Кенжебеков: Менің айтарым көшеге атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

         Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындары ашық дауысқа салып, бірауыздан қолдады. 

Қолдаушы: 21 адам

Қарсы: жоқ

Қалыс: жоқ

 

 Ақсай ауылдық округінің әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округі, Қайрат ауылындағы Школьная көшесіне – «Арасан» көшесі деп  қайта аталсын.

2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі бойынша жұмысшы тобының қарауына енгізілсін.

Дата публикации
28 июля 2023