Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкіміне

кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, 2023 жылғы 26 шілдеде Нұрлыкент ауылдық округі әкімдігіне үш кандидаттың (бұдан әрі – кандидаттар) аудандық "Jana-omir – жаңа өмір" газетінде 2023 жылдың 21 шілдесінде жарияланған сайлаушылармен кездесулерін өткізу кестесіне сәйкес сайлаушылармен кездесуін ұйымдастырды.

Үш кандидаттың сайлаушылармен кездесуіне аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №12 сайлау округінен сайланған Жуалы аудандық мәслихатының депутаты А. О. Елекбаев және Жуалы аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н. Алтыбаева қатысты.

Сайлаушылармен кездесуде Жуалы аудандық мәслихатының депутаты    А. О. Елекбаев Нұрлыкент ауылдық округіне қарасты елді мекендерінде бүгінгі таңда орын алып отырған өзекті мәселелер туралы және оларды шешу бойынша Жуалы аудандық әкімдігінің тарапынан жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде айтып өтті.

Сайлаушылармен кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н. Алтыбаева қатысушыларды ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлауға қатысты сайлау заңнамасының негіздерімен таныстырды. Атап айтқанда, келесі мәселелер айтылды:

  1. Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және Нұрлыкент ауылдық округін құру туралы шешімдер қабылдау;
  2. Нұрлыкент ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекаралары;
  3. Ауыл және ауылдық округ әкімдігіне ұсыну тәсілдері;
  4. Кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру;
  5. Кандидаттарды тіркеу;
  6. Сайлаушылар тізімдерімен таныстыру;
  7. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге құқықтары;
  8. Кандидаттардың сенімді өкілдері;
  9. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету;
  10. Дауыс беру тәртібі және оны ұйымдастыру.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н. Алтыбаева сайлаушылардың сайлауға дайындық пен оны өткізуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Үш кандидаттың әрқайсысы сайлаушылар алдында өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламаның әр тармағына егжей-тегжейлі тоқталып, сайлаушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

 

Дата публикации
26 июля 2023