Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі әкіміне

кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, 2023 жылғы 25 шілдеде Билікөл ауылдық округі әкімдігіне үш кандидаттың (бұдан әрі – кандидаттар) аудандық "Jana-omir – жаңа өмір" газетінде 2023 жылдың 21 шілдесінде жарияланған сайлаушылармен кездесулерін өткізу кестесіне сәйкес сайлаушылармен кездесуді ұйымдастырды.

Үш кандидаттың сайлаушылармен кездесуіне Жуалы аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н. Алтыбаева қатысты.

Сайлаушылармен кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н. Алтыбаева қатысушыларды ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлауға қатысты сайлау заңнамасының негіздерімен таныстырды. Атап айтқанда, келесі мәселелер айтылды:

  1. Билікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және Билікөл ауылдық округін құру туралы шешімдер қабылдау;
  2. Билікөл ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекаралары;
  3. Ауыл және ауылдық округ әкімдігіне ұсыну тәсілдері;
  4. Кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру;
  5. Кандидаттарды тіркеу;
  6. Сайлаушылар тізімдерімен таныстыру;
  7. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге құқықтары;
  8. Кандидаттардың сенімді өкілдері;
  9. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету;
  10. Дауыс беру тәртібі және оны ұйымдастыру.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н. Алтыбаева қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Үш кандидаттың әрқайсысы сайлаушылар алдында өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламаның әр тармағына егжей-тегжейлі тоқталып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

Дата публикации
25 июля 2023