Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2023 жылдың ІI тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы
2023 жылдың II тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 4743 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 2 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 2 жергілікті атқарушы орган қамтылды.
Нәтижесінде ішінара 2 кемшілік анықталып, 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
2023 жылдың II тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2023 жылдың ІI тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
2023 жылдың ІI тоқсанында біліктілігін арттыру семинарларынан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны – 8.
Есепті мерзімде аудан әкімдігінде 3756 адамды қамтыған
29 іс-шаралар өткізді.
Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің 2023 ж. 2 маусымындағы №41 (9313) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бартіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) есебіннен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» және «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар және акт жазбаларының көшірмелерін беру тәртібі» атты мақала, 26 мамырында №39 (9311) басылымында «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» атты мақала, 19 мамырында №37 (9309) басылымында «Халыққа қызмет – мерейлі міндет» атты мақала, 30 мамырында №40 (9312) басылымында «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» атты мақала жарияланды.