Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2023 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында

2023 жылдың  І тоқсанында  

 мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

 

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 125 қызмет түрі көрсетіледі.

2023 жылдың I тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 6090 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  • Электронды түрде – 5224 (85,78%)
  • Қағаз түрінде – 2 (0,03%)
  • Баламалы қағаз түрінде – 110 (1,81%)
  • Мемлекеттік корпорация арқылы - 754 (12,38%)

          Аудан әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 1 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 1 жергілікті атқарушы орган  қамтылды.

          Нәтижесінде ішінара 1 кемшілік анықталып, 1 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

  • Есепті мерзім ішінде аудан әкімдігінің қызмет берушілері
    143 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.

2023 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.

2023 жылдың І тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 («Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінен бас тартудың мерзімін бұзып көрсеткені үшін, бас маман Э.Данияроваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды).

Есепті мерзімде аудан әкімдігінде 265 адамды қамтыған
21 іс-шаралар өткізді.

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің 2023 ж. 17 наурызындағы №21 (9293) «2023 жылдың 2 айындағымүгедектігі бар заматтарға көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы» атты мақала, 20 қаңтарында              №5 (9277) басылымында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды» атты мақала, 31 қаңтарында №8 (9280) басылымында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» атты мақала,  «Құрылыс және реконструкция ( қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» атты мақала, «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілердің халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары» және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандары» атты мақалалар, 28 наурыздағы  №24 (9296) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» атты мақала жарияланды.

Дата публикации
12 апреля 2023