Жуалы аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №37-2 шешімі негізінде және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабы 4) тармағына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын 2023 жылғы 17 қаңтарда шақыратындығы жөнінде хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстары Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Д.Қонаев көшесі №6 мекен жайында өтеді.