Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілген
қызметтерінің талдау анықтамасы
2022 жылдың 12 айында жергілікті атқарушы органдармен 20958 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 5 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 5 жергілікті атқарушы органдар қамтылды.
Нәтижесінде 189 бұзушылықтар анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 172 фактісі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 4 фактісі анықталды.
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2022 жылдың 12 айында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 2 (Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Дамировке 1 мерзім бұзу фактісі бойынша – «ескерту» берілді, Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округінің әкімі Е.Сүгірбековке 1 мерзім бұзу фактісі бойынша әкімшілік айыппұл салынып, 30630 тенге төленді).
Есепті мерзімде аудан әкімдігінде 1582 адамды қамтыған
104 іс-шаралар өткізді.
Аудандық «Жаңа өмір-жаңа өмір» газетінің нөміріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 16 мақала жарияланды.