Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2022 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында

2022 жылдың ІV тоқсанында  

 мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

 

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (29.11.2022ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 125 қызмет түрі көрсетіледі.

2022 жылдың IV тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 2985 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  • Электронды түрде – 2407 (80,64%)
  • Қағаз түрінде – 4 (0,13%)
  • Баламалы қағаз түрінде – 289 (9,68%)
  • Мемлекеттік корпорация арқылы - 285 (9,55%)

          Есепті мерзімде бекітілген жопарға сәйкес ішкі бақылау жұмыстары жүргізілген жоқ.

  • Есепті мерзім ішінде аудан әкімдігінің қызмет берушілері
    80 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.

2022 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.

2022 жылдың ІV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 (Қызыларық ауылдық округінің әкімі Е.Сүгірбековке  1 мерзім бұзу фактісі бойынша  әкімшілік айыппұл салынып, 30630 тенге төленді).

Есепті мерзімде аудан әкімдігінде 582 адамды қамтыған
46 іс-шаралар өткізді.

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің 2022 ж. 07 қазандағы №74 (9251) «Көрсетілетін қызметтер сапасы бақыланады» атты мақала 8 қарашасында №82 (9259) басылымында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы цифрлық куәліктерге қатысты» атты мақала, 15 қарашасында №84 (9261) басылымынла «Медициналық әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулег құжаттар рәсімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы» атты мақала, 22 қарашасындағы басылымында «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту мемлекеттік қызметі стандарты» атты мақала, 25 қараша №87 (9264) басылымында «Қазақстанда туу туралы куәлік алу форматы жеңілдетіледі» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрлері» атты мақалалар, 02 желтоқсандағы №89 (9266) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» атты мақала, 13 желтоқсандағы №92 (9269) «Жер саласын цифрландыру басты назарда» атты мақала, жарияланды.

Дата публикации
11 января 2023