«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
2022 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ішкі саясат бөліміне 1 млн теңге қаржы бөлінді (келісімшарт бойынша сомасы – 800,0 мың теңге).
Конкурс нәтижесі бойынша маусым айында жеңімпазы анықталып, («Жаңа-Ру» жастар коалациясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі), келісімшартқа қол қойылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 5 іс-шара, әртүрлі нысаналы топтар арасында (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт ұйымдары, кәсіпкерлік нысандары және т.б.) сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша 15 түсіндіру кездесулер, білім беру мекемелерінде академиялық адалдық және парасаттылық бойынша 5 дәріс пен семинарлар, діни және этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстарын өткізу, тақырыптық 3 баннер орналастыру және 2 бейнеролик түсіру қарастырылған.
Бүгінгі күнге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 27 түрлі форматтағы кездесулер мен сұхбаттасулар өтті. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінде 5 шара, 15 іс-шара түрлі нысаналы топтармен, жергілікті халықпен 5 шара, этнос өкілдерімен 1 семинар және бюджеттік мекеменің қымзеткерлерімен 1 дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сонымен қатар, жоба аясында аудан аумағында 2 баннер орналастырылып, жұмыстарды халыққа насихаттау мақсатында Facebook әлеуметтік парақшаларында 10 (он) жарияланым және 08Info.kz ақпараттық порталында 8 (сегіз) мақала жарияланды.