Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Жуалы аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 «Жуалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 13 (он үш) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Жуалы аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Жаңа өмір-Новая жизнь» аудандық қоғамдық саяси газетке орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жуалы аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы                                                Н. Алтыбаева

 

Жуалы аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                  Б. Данияров

 

 

 

29.12.2022 жылғы №2 қаулы

Дата публикации
29 декабря 2022