Жуалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Жуалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                   1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық шекараларда 13 (он үш) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Жуалы аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Жаңа Өмір – Новая Жизнь» қоғамдық саяси газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Жуалы аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы                                                Н. Алтыбаева

 

Жуалы аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                  Б. Данияров

 

 

 

 29.12.2022 жылғы №1 қаулы

Дата публикации
29 декабря 2022