САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ХАБАРЛАМА

 

2022 жылғы 16 қазанда Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі ауылы әкімін сайлауы өтті.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1598 азамат енгізілді, оның ішінде 1353 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Беделбеков К.М. – 1112; Куанышев Г.А. – 176; Таусаров Г.Т. – 27; Утепов Н.Ж. – 19.

Жетітөбе ауылдық округі әкімі болып Беделбеков Кайнарбек Молдаханович сайланды, 1978 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 17 қазандағы шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімі болып  К.М. Беделбековті тіркеді.

 

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 октября 2022