Бюджеттік кредит қарызы туралы

Бюджеттік кредит қарызы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 179, 192 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,  спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығы негізінде 2015 жылы жасалған Тапсырма келісім-шартына және Сенiм бiлдiрiлген өкiлдің (агенттің) «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ Жамбыл филиалының 01.11.2022 жылғы жағдайы бойынша «Қарыз алушылардың қарыз шарттарының міндеттемелерін орындауы туралы» есептілігіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Джумаханов Нуржигит Махамбетжанович қарыз шарттарының талаптарын орындамауына байланысты, Тапсырма келісім-шарттарына сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл филиалы (Сенім білдірілген Агент) берешектерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізсін.
  2. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі борышкердің құжаттарын қарыз бойынша жұмыс жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл филиалына (Сенім білдірілген Агентке) тапсыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлына жүктелсін.

 

 

          Аудан әкімі                                                                                     Ж.Мұртаза

 

Дата публикации
10 ноября 2022