Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімдікке «AMANAT» партиясы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Беделбеков Кайнарбек Молдаханович, 1978 жылы туған, Жұмыссыз, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.
Куанышев Гани Алшынбаевич, 1973 жылы туған, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі» КММ инспекторы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Таусаров Гибрат Турарович, 1990 жылы туған, Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Утепов Нурболды Женисбекович, 1983 жылы туған, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы