2022 жылғы 25 қыркүйекте Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімінің сайлауы өтті

ХАБАРЛАМА

 

2022 жылғы 25 қыркүйекте Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Б.Момышұлы ауылы әкімін сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9173 азамат енгізілді, оның ішінде 6451 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Камбарбеков Е.Б. – 1650; Турекулов К.А. – 4782.

Б.Момышұлы ауылы әкімі болып Турекулов Керимхан Ауесбекулы сайланды, 1976 жылы туған, Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2022 жылғы 25 қыркүйекте сайланған Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының әкімі болып К.А. Турекуловты тіркеді.

 

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 сентября 2022