Жуалы ауданының Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлауын тағайындау туралы

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының шешімі

№16

16.09.2022 ж.

 

 

Жуалы ауданының Жетітөбе ауылдық округі әкімін

сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Жуалы ауданында 2022 жылғы 16 қазанға Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлауы тағайындалсын.

 

  1. 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Жуалы ауданының Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы                                Н.Алтыбаева

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                  Б.Данияров

 

 

Дата публикации
16 сентября 2022