Жұмыс берушілер үшін «Ашық есік күні»

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жұмыс берушілер үшін «Ашық есік күні»

2022 жылдың 29 қыркүйегінде БЖЗҚ онлайн форматта «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту» тақырыбында кезекті Ашық есік күнін өткізеді.

Іс-шараға қатысуға заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері шақырылады.

Іс-шараның мақсаты:

-         ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

-         ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-         қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Спикерлер сайтта «Заңды тұлғаның кабинеті» бөлімінің қандай жаңа функциялары пайда болғанын және мұның жеке кәсіпкерлер үшін неліктен маңызды екенін әңгімелеп беріп, көрнекі түрде көрсетеді.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, барлық кеңес алғысы келетіндерге жеке кеңестер береді.

   Ашық есік күнінің 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Жамбыл облысы филиалында онлайн форматта өтетінін еске саламыз.

  Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

2022 жылдың 29  қыркүйегінде  сағат 10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e681c96a921c8cb1c1461a8230dfe56d1

 

 

event-мәжіліс нөмірі 2514 755 5595

event-мәжіліс паролі: 00000

2022 жылдың 29  қыркүйегінде  сағат 12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1bbbd4bba3dc6a260feec6ab20b3374d

event-мәжіліс нөмірі:   2515 981 1758

event-мәжіліс паролі: 00000

Дата публикации
14 сентября 2022