Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімдікке «AMANAT» партиясы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Иманбаев Медет Джексенбекович, 1979 жылы туған, №16 Жуалы колледжі директоры, Жуалы ауданы, Бақалы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Камбарбеков Еркебулан Бекович, 1990 жылы туған, Жуалы ауданы әкімі аппараты Жуалы ауданы әкімінің бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Турекулов Керимхан Ауесбекулы, 1976 жылы туған, Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы