АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 12) тармағына сәйкес және 2022 жылғы 8 қыркүйек Б.Момышұлы ауылы әкіміндігіне кандидат етіп ұсыну туралы өз өтінішін қайтарып алу туралы Асилбеков Кайсар Кулжановичтің өтініші негізінде Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Дихан ауылында тұратын Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының директоры Кайсар Кулжанович Асилбековтің кандидатурасы Б.Момышұлы ауылының әкімдігінен алынсын.