АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2022 жылғы 5-6 қыркүйекте Жуалы аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес Б.Момышұлы ауылы әкімдігіне өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға кандидат ретінде ұсыну туралы 2 кандидаттан құжаттар ұсынылды.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Б.Момышұлы ауылы әкімін сайлауына кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.
2022 жылғы 25 қыркүйекке белгіленген Б.Момышұлы ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 27 тамызбен 9 қыркүйек аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.