Жуалы ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың II тоқсанына ақпарат
Ауылдық округтермен және аудан әкімдігінің бөлімдерімен 2022 жылдың II тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 4161 Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5 (0,1%);
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 284 (21,3%);
- электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1332 (32%);
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:
1.2022 жылдың II тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген іс-шарлар саны – 22.
Аудан әкімдігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 340.
Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» және «Жуалы» газетінің нөмеріне 1 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды.
Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері анықталмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2 ұсыныс беріліп, ол орындалды.