Жуалы ауданы әкімі аппаратына 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар (арыз/шағымдар) бойынша анықтама
Аудан бойынша (ауылдық округтермен бөлімдерді қоса алғанда) 2020 жылдың 12 айында барлығы 2456 (2019 жылы – 3037) өтініш түскен, 2019 жылмен салыстырғанда 581 өтінішке, немесе 23% - ға кеміген. Оның ішінде 1983 (2019 жылы – 2869) өтініш қаралған, 1220 (2019 жылы – 1401) өтініші қанағаттандырылған, 87 (2019 жылы – 38) өтініші заңға сәйкес бас тартылған, 661 (2019 жылы – 957) өтінішке қолданыстағы заңдар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілген және 15 (2019 жылы – 14) өтініш - өз өтініштері негізінде қараусыз қалдырылды. Қаралып жатқан өтініштер саны – 7 (2019 жылы – 66).
2020 жылдың 12 айында Жуалы ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1069 өтініш түскен (2019 жылы – 1371) (оның ішінде жеке тұлғалардан 925 (2019 жылы – 1118), заңды тұлғадан 144 (2019 жылы – 253) өтініш) 2019 жылмен салыстырғанда 304 өтінішке, немесе 28 % - ға кеміген.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 924 өтініштің 485-і (2019 жылы – 557) басқа мемлекеттік органдарға жолданған (оның ішінде жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдарға-13 өтініш, төмен тұрған мемлекеттік органдарға- 427 өтініш), жолданған өтініштердің көбісі дерлік жер мәселесі бойынша келген өтініштер. 2020 жылдың 12 айында 429 (2019 жылы – 553) өтініш қаралып, оның ішінде 76 (2019 жылы – 75) өтініші қанағаттандырылған, 20 (2019 жылы – 4) өтініші заңға сәйкес бас тартылған, 326 (2019 жылы – 472) өтінішке қолданыстағы заңдар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілген және 7 (2019 жылы – 2) өтініш - өз өтініштері негізінде қараусыз қалдырылды. Қаралып жатқан өтініштер саны – 6 (2019 жылы –8) өтініш.
Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 143 (2019 жылы – 253) өтініш түскен. 10 (2019 жылы – 13) өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданған (оның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органдарға-3 өтініш, төмен тұрған мемлекеттік органдарға- 7 өтініш). 2020 жылдың 12 айында 133 (2019 жылы – 237) өтініш қаралып, оның ішінде 60 (2019 жылы – 88) өтініші қанағаттандырылған, 4 (2019 жылы – 3) өтініші заңға сәйкес бас тартылған, 67 (2019 жылы – 142) өтінішке қолданыстағы заңдар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 1 (2019 жылы – 4) өтініш - өз өтініші негізінде қараусыз қалдырылды. Қаралып жатқан өтініштер саны – 1 (2019 жылы – 3) өтініш.
Жоғары тұрған мемлекттік органдардан барлығы 38 өтініш жолданып, аудан әкімдігінің қарауына келіп түскен (оның ішінде жеке тұлғалардан түскен – 34 өтініш, заңды тұлғалардан түскен – 4 өтініш).