Жуалы ауданы әкімдігіне 2022 жылдың 5 айында
жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар (арыз/шағымдар) бойынша
АНЫҚТАМА
Жуалы ауданы әкімдігіне (ауылдық округтер мен бөлімдерді қоса алғанда) 2022 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан 1 179 жолданым түскен (20 – сы қайталама өтініштер). Оның ішінде өтініштер саны – 1 114, шағымдар – 9, ұсыныстар – 1, басқа да өтініштер – 52 (хабарлама, сұрау).
Қаралған өтініштер саны 837, оның ішінде 594 – і қанағаттандырылған, 208 өтінішке түсінік берілген, 3 өтініш қараусыз қалдырылған, 7 өтініштің қаралуы тоқтатылған, 5 өтініш назарға алынған, және басқа да өтініштер саны – 20.
Талдау көрсеткендей, аудан тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер:
жер мәселесі – 983 өтініш,
коммуналдық қызмет көрсету – 46 өтініш,
баспана мәселесі – 20 өтініш,
жол жөндеу мәселесі – 16 өтініш
басқа да өтініштер – 80 өтініш,
әлеуметтік тұрмыс жағдайы, материалдық көмек көрсету – 17 өтініш, кәсіпкерлік мәселесі – 2 өтініш,
жұмыс мәселесі - 6 өтініш,
АХАТ мәселесі – 2 өтініш,
жаңа нысандар соғу (спорт зал) – 3 өтініш.