Жуалы ауданы әкімі аппаратына 2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар (арыз/шағымдар) бойынша анықтама

Жуалы ауданы әкімі аппаратына 2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдар (арыз/шағымдар) бойынша анықтама

 

Өтініштер бойынша 2021 жылғы 12 айлық мәлімет: 2021 жылдың 12 айында аудан бойынша (ауылдық округтермен бөлімдерді қоса алғанда)                     2189 (2020 жылы – 2456, 2019 жылы – 3037) 2020 жылмен салыстырғанда                                  267 өтінішке, немесе 12% - ға кеміген, ал 2019 жылмен салыстырмалы түрде 848 өтінішке немесе 28% - ға кеміген.

 Келіп түскен – 2189 (2020 жылы – 2456) өтініштің 1667 (2020 жылы – 1983)   қаралған, 1237 (2020 жылы – 1220)   өтініші қанағаттандырылған, 45 (2020 жылы – 87) өтініші заңға сәйкес бас тартылған, 422 (2020 жылы – 661) өтінішке қолданыстағы заңдар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілген және            7 (2020 жылы – 15) өтініш - өз өтініштері негізінде қараусыз қалдырылды. Қаралып жатқан өтініштер саны – 36 (2020 жылы – 7).

 

Жеке қабылдаулар туралы

Аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 2021 жылдың 01 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында бүгінгі күнге дейін 33 рет жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға кірген азаматтар саны 182.

Оның ішінде 32 – көп балалы аналар,

11 - жалғызбасты аналар.

Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша:

ТҮКШ (коммуналдық қызметтер, баспана мәселесі, жол жөндеу, көше жарықтары т.б.) – 60, жер мәселесі – 26, қаржы – 2, білім – 6, кәсіпкерлік – 16, әлеуметтік мәселелер (жұмыс, АӘК, т.б.) – 42,  басқа да мәселелер – 30.

          

            Түсініктеме берілгені – 112;

          Шешілгені – 70;

Дата публикации
28 июня 2022