Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабары

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабары

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімдікке  «AMANAT» партиясы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған  кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Махаев Думан Ануарбекович, 1989 жылы туған, Жуалы ауданы ветеринариялық станциясы, Б.Момышұлы ауылындағы мал сою пунктінің меңгерушісі, Жуалы ауданы, Бақалы ауылының тұрғыны,  өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Садыков Толепберген Мавлеталиевич, 1986 жылы туған, Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппараты, бас маман-әскери есеп столының инспекторы, Жуалы ауданы, Бәйтерек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Сейтаев Малик Берикович, 1991 жылы туған, Көкбастау ауылдық округі әкімі аппараты, іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июня 2022