Жуалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жуалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда

объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы  1-тармағының  4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12, 27-баптарына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1, 102-тармақтарына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
  2. «Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                     О. Қаржауов

Дата публикации
09 марта 2022