Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жуалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жуалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудан әкімі О. Қаржауов