«Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.1. Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 13 (он үш) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Төраға Н.Алтыбаева
Хатшы Ш.Боранбаев
Б.Момышұлы ауылы
№8 қаулы
13 қазан 2026 жыл
Жуалы аудандық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазан №8
қаулысына қосымша
Жуалы аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
№ 1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қошқарата ауылы, Б.Үсенов көшесі, № 30 А, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қошқарата ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Қошқарата ауылдық округінің Қызтоған, Қошқарата және Ақтасты ауылдары, Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр, Көлтоған және Ертай ауылдары.
Құрамына №180, №181, №182, №183, №184 және №185 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 64, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Күреңбел ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Күреңбел ауылдық округінің Қаратас және Күреңбел ауылдары, Жетітөбе ауылдық округінің Қоңыртөбе, Кәріқорған, Тасбастау, Шынбұлақ, Майбұлақ, және Қосмұрат ауылдары.
Құрамына №186, №187, №188, №189 және №206 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қарасаз ауылы, Гагарин көшесі, № 46, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қарасаз ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Қарасаз ауылдық округінің Қарасаз, Жүрімбай, Қарасу, Көктас және Ақбастау ауылдары.
Құрамына №190, №191 және №192 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Шақпақата ауылы, Д.Пахомов көшесі, № 45 А, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің №4 Шақпақата балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Шақпақ ауылдық округінің Тәттібай Дүйсебайұлы, Шақпақата, Амансай, Ынтымақ ауылдары және Шақпақ станциясы.
Құрамына №193, №194 және №195 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы, Д.Конаев көшесі №52, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Мыңбұлақ ауылдық округінің Талапты және Көлбастау ауылдары.
Құрамына №196 және №197 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қайрат ауылы, Абай көшесі, №2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №2 Мыңбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Ақсай ауылдық округінің Дихан және Қайрат ауылдары.
Құрамына №198 және №199 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Ұлан көшесі, №7, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.
Құрамына № 473 және №202 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Абылайхан көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.
Құрамына №200 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№ 9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.
Құрамына №201 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№ 10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, №2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №29 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.
Құрамына №203 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№ 11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Теріс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №5, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекаралары: Көкбастау ауылдық округінің Көктөбе, Қосбөлтек, Теріс және Бақалы ауылдары, Билікөл ауылдық округінің Қарабастау, Дарбаза, Жылыбұлақ, Әбдіқадыр ауылдары және «Билікөл» учаскесі.
Құрамына №204, №205, №215 және №216 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, Е.Байғазиев көшесі, №97 А, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент, Түктібай ауылдары және Қазбастау разъезі.
Құрамына №207 және №208 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылы, Руханият көшесі, №27, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Ақтөбе ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралары: Қызыларық ауылдық округінің Алатау, Қызыларық, Ақтөбе, Теріс-Ащыбұлақ ауылдары, Сұрым станциясы, №91678 әскери бөлімі және «Бауыржан Момышұлы» атындағы шекара заставасы, Ақтөбе ауылдық округінің Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған ауылдары, Күркіреу су бекеті және «Ақсуат» шекара заставасы.
Құрамына №209, №210, №211, №212, №213, №214 және №217 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.