ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 13 қазанда Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурзия Алтыбаеваның төрағалығымен Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелеріне арналған отырысы өтті.

2026 жылғы 13 қазанда Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

отырыс күн тәртібінде Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерінің шекараларын қайта бекіту туралы, сондай-ақ, сайлау науқанының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулыларын қабылдау туралы және өзге де құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.

Отырыста  сайлау комиссияларының қызметін үйлестіру және сайлау науқанының барлық кезеңінде атқарылатын жұмыстардың жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету үшін округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, шешімдер рәсімделді.

Дата публикации
13 октября 2026