2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №21 қаулысы  басшылыққа алынсын.

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  2. Осы қаулы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir-Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

          Төраға                                                                             Н. Алтыбаева

          Хатшы                                                                             Ш. Боранбаев

 

Б.Момышұлы ауылы

2026 жылғы 13 қазан

№9

 

 

 

 

Жуалы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы №9

қаулысына қосымша

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

                

(14-б. 6) т., 22-б.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                    

 

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                  

 

Жуалы ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 

 (23-б. 5-т.)

        

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 

(17-б. 2-т.)


 

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

(103-б.)

 

6. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

 

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына                  2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

8. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады

                                                       (104-б.)

 

         9. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             

(104-б. 5-т.)

 

10. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына  кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

 (16-1-т. 6-тт)

 

 

 

11. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (16-1-т. 6-тт.,  31-б.)

 

12. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын  тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                        

 (104-б. 2-т.)

 

13. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

     

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

                                 

 

 

 

 

 

Жуалы ауданы әкімдігі және

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                           

 

 

Кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

          17. Кандидаттарға (жүгінген кезде)  сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жуалы ауданы әкімдігі және

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Жуалы ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 8 қараша

(26-1 б. 1-т.)

     

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2026 жылғы 13 қарашадан бастап

                                                                  (26-б. 1-т.)

 

         20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін  

                                                             (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.)

 

         21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 19 қарашаға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және                              28 қарашаға дейін

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау  басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

27. Сайлау округi бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпы жұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының үй-жайында ілу

Округтік  сайлау комиссиялары

 Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – үш күн бойы

 

(43-б. 8-1  т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

29. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

30. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                 

2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей

 

16-1-б. 8-т), 9-т), 108-б., 2-т

31. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                 

2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей

44-б. 2-т., (111-б. 1-т.)

 

32. Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

33.  Сайланған Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру                                          

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

 

34. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

 

 

Кандидаттар, саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

         35. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

         

          

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
13 октября 2026