«Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Жуалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 13 (он үш) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы Жуалы аудандық мәслихатына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir-Новая жизнь» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

  Төраға                                                                            Н.Алтыбаева

  Хатшы                                                                            Ш.Боранбаев

 

  Б.Момышұлы ауылы

2026 жылғы 13 қазан

№8

 

 

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 13 қазан №8

қаулысына қосымша

 

 Жуалы аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

 

 № 1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қошқарата ауылы, Б.Үсенов көшесі, № 32 А, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қошқарата ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары:  Қошқарата  ауылдық округінің Қызтоған, Қошқарата және Ақтасты ауылдары, Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр, Көлтоған және Ертай ауылдары.

Құрамына №180, №181, №182, №183, №184 және №185 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 64, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Күреңбел ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары: Күреңбел  ауылдық округінің Қаратас және Күреңбел ауылдары, Жетітөбе ауылдық округінің Қоңыртөбе, Кәріқорған, Тасбастау,  Шынбұлақ, Майбұлақ, және Қосмұрат ауылдары.

Құрамына №186, №187, №188, №189 және №206 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қарасаз ауылы, Гагарин көшесі, № 46, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қарасаз ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары:  Қарасаз  ауылдық округінің Қарасаз, Жүрімбай, Қарасу, Көктас және Ақбастау ауылдары.

Құрамына №190, №191 және №192 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 4 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Шақпақата ауылы, Д.Пахомов көшесі, № 45 А, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің №4 Шақпақата балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары:  Шақпақ ауылдық округінің Тәттібай Дүйсебайұлы, Шақпақата, Амансай, Ынтымақ ауылдары және Шақпақ станциясы.

Құрамына №193, №194 және №195 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы, Д.Конаев көшесі №52, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары:  Мыңбұлақ ауылдық округінің Талапты және Көлбастау ауылдары.

Құрамына №196 және №197 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қайрат ауылы, Абай көшесі, №2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №2 Мыңбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары:  Ақсай ауылдық округінің Дихан және Қайрат ауылдары.

Құрамына №198 және №199 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 7 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Ұлан көшесі, №7, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.

Құрамына № 473 және №202 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Абылайхан көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.

Құрамына №200 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.

 

№ 9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы. 

Құрамына №201 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.

 

№ 10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, №2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №29 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Б.Момышұлы ауылы.

Құрамына №203 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.

 

№ 11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Теріс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №5, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары:  Көкбастау ауылдық округінің Көктөбе, Қосбөлтек, Теріс және Бақалы ауылдары, Билікөл ауылдық округінің Қарабастау, Дарбаза, Жылыбұлақ, Әбдіқадыр ауылдары  және «Билікөл» учаскесі.

Құрамына №204, №205, №215 және №216 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№ 12 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, Е.Байғазиев көшесі, №97 А, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары: Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент, Түктібай ауылдары және Қазбастау разъезі.

Құрамына №207 және №208 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№ 13 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылы, Руханият көшесі, №27, «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Ақтөбе ауылдық клубының ғимараты.

Шекаралары: Қызыларық ауылдық округінің Алатау, Қызыларық, Ақтөбе, Теріс-Ащыбұлақ ауылдары, Сұрым станциясы, №91678 әскери бөлімі және «Бауыржан Момышұлы» атындағы шекара заставасы, Ақтөбе ауылдық округінің Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған ауылдары, Күркіреу су бекеті және «Ақсуат» шекара заставасы.

Құрамына №209, №210, №211, №212, №213, №214 және №217 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

Дата публикации
13 октября 2026