«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасын іске асыруға 1 500,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Өткізілген конкурс нәтижесінде жобаның жеңімпазы болып «Jastar» даму орталығы» қоғамдық бірлестігі анықталып, тиісті келісімшарт жасалды және іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоба аясында 2 конференция, нысаналы топтар арасында 14 кездесу, білім беру мекемелерінде 5 кездесу өткізу, 1000 дана ақпараттық постер, 1 бейнеролик және 1 баннер әзірлеп, орналастыру жоспарланған.

Жоспарға сәйкес білім беру мекемелерінде академиялық адалдық және парасаттылық тақырыптарында 6 кездесу өткізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер және басқа да нысаналы топтар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша 12 кездесу ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібі мен жауапкершілік шараларын түсіндіретін 900 дана ақпараттық-тарату материалы әзірленіп, тұрғындар мен нысаналы топтарға таратылды.

Жоба аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 1 бейнеролик әзірленді.

Жалпы, атқарылған жұмыстар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыруға, парасаттылық қағидаттарын насихаттауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды.

Дата публикации
23 сентября 2026