2026 жылғы 13 қыркүйегінде өткен Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 13 қыркүйегінде өткен Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 13 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1621 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1181 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 41 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Кадыров Сабит Мадыкулович үшін сайлаушылардың 841 дауысы берілді;

Кыдырбаев Даулеткали Оспангалиевич үшін сайлаушылардың 121 дауысы берілді;

Нағашбекұлы Еркеғали үшін сайлаушылардың 194 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 16.

Сайлау қорытындыларымен Жетітөбе ауылдық округінің әкімі болып Кадыров Сабит Мадыкулович сайланды, 1990 жылы туған, Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны.

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026