Жуалы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары туралы хабарламасы

Жуалы ауданының аумағында

барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын

орналастыру үшін орындары туралы хабарламасы

 

      Жуалы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы №7 «Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Жуалы ауданы  Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 17 тармағына сәйкес
Жуалы ауданы әкімінің аппараты Жуалы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар жөнінде хабарлайды:

 

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын

орналастыру үшін орындар

№

Ауылдық округтер атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Жетітөбе

ауылдық округі

Кәріқорған ауылы, Мейман Қожаназаров көшесі №42, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдында орналасқан тақта.

Қоңыртөбе ауылы, Малдыбай Құттыбайұлы көшесі №25, «Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының алдында  орналасқан тақта.

Тасбастау ауылы, Бағлан Үсіпбаев көшесі №82 үй, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің
№45 Тасбастау бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдында орналасқан тақта.

Шыңбұлақ ауылы, Мырзатай көшесі № 20а, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің                 № 24 Тұрар Рысқұлов атындағы  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  алдында орналасқан тақта.

Қосмұрат ауылы, А.Рақышев көшесі №23А, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының Қосмұрат ауылдық медициналық пунктінің алдында орналасқан тақта.

Майбұлақ ауылы, Қ.Темірбеков көшесі №1А, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының Майбұлақ ауылдық медициналық пунктінің алдында орналасқан тақта.

 

Жуалы ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
21 августа 2026