Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 13 қыркүйекке Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Н. Алтыбаева
Хатшы Ш. Боранбаев
Б.Момышұлы ауылы
05 тамыз 2026 жыл
№7