Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ СҚҚБ)

«Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ СҚҚБ)

«Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ СҚҚБ) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мекеме осы бағыттар бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды, үйлестіруді, бақылауды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бөлімнің негізгі функциялары

  1. Қала құрылыстық жоспарлау
  • Бас жоспарларды, аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, жер пайдаланудың және құрылыс салудың ережелерін әзірлеуге қатысу;
  • Қала құрылысы құжаттамасын келісу және сүйемелдеу;
  • Бекітілген қала құрылысы құжаттамасының сақталуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар елді мекендерде жер учаскесін берудің мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мәселесін қарау.
  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
  • Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру және күшін жою
    (Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №163 бұйрығына сәйкес);
  • Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беру
    (құрылыс және қайта жаңарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына сәйкес);
  • Эскиздік жобаны (эскиз) келісу
    (тұжырымдамалық шешімдерді бекіту және келісім алу үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрыққа сәйкес);
  • Аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылыстарды бұзуды келісу.

Мемлекеттік қызметтер келесі арна арқылы көрсетіледі:

  • Электрондық үкімет порталы (eGov.kz).
  1. Құрылыс саласындағы бақылау және үйлестіру
  • Уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектілер мен кешендерді мониторингтеу;
  • Жобалық шешімдердің бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігін тексеру;
  • Объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және есепке алу;
  • Бөлшектеуге жататын ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актілерін тіркеу.
  1. Құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Құрылыс және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі, санитариялық, өртке қарсы және экологиялық нормалардың сақталуын бақылау.
  1. Қала құрылысы кадастры
  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастр жүйесін жүргізу және жаңарту;
  • Жер учаскелері мен құрылыс объектілері бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру және жүргізу.
  1. Абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту
  • Абаттандыру, көгалдандыру, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
  • Инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және т.б.) орналастыру мен жобалауды үйлестіру;
  • Тұрғын үй қорының, инженерлік инфрақұрылым объектілерінің және аудандық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуына қатысу.
  1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
  • Сәулет, құрылыс және жер пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
  • Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру.

 

📍 Байланыс:
📞 +7 (72635) 2-00-30
✉️ stroiotdel_zhuali@mail.ru
🏢 Мекенжай: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Қонаев көшесі, №1Б.

📌 Қабылдау күндері: дүйсенбі – жұма, 09:00–18:30

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы