
Музей-тарихты танытатын құндылық.
Музей өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Музей грек тілінде musem- муза сарайы – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Осындай мекеменің бірі - Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Музей 2017 жылдың 30 қарашасында Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің №284 қаулысымен «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» аясында құрылды. 2018 жылдың 29 қыркүйекте салтанатты түрде ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Музей Бауыржан Момышұлы ауылы, Жібек жолы 5А мекен-жайында орналасқан. Музейдің жалпы ауданы 303,2 кв м, құрылыс ауданы 204,4 кв м,ғимарат 1984 жылы күйдірілген кірпіштен салынған. Мекеме екі қабатты ғимаратта орналасқан. Музей 3 залдан,5 қызметтік бөлмеден тұрады. 1-ші зал - «Археология» залы. Археологиялық жұмыстардан табылған жәдігерлер, 2-ші зал- «Даңқ» залы, 3-ші залда-«Өлкетану» залы. Бұл залда 1990 жылдарға дейінгі жәдігерлер орналстырылған. Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде – 3913 (үш мың тоғыз жүз он үш) жәдігер сақталуда.Жыл сайын музейге 3000 нан астам адам келеді.
Музей жалпы жыл бойы жоспарға сәйкес 40-қа жуық іс-шаралар ұйымдастырады. Жыл бойы жылжымалы көрмелер, экскурсиялар, танымдық сағаттар өткізіп, Жуалы ауданы маңынан табылған көне тарихи қалашықтарға экспедициялар ұйымдастырып тұрады. Атап айтатын болсақ, «Кеңес әскерінің ауғанстандағы ерлігі» атты соғыс ардагерлерімен кездесу, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Салт-дәстүрімізді ардақтау- ата мұрамызды асқақтату» тақырыбында концерттік бағдарлама, «Жер-судың аты, тарихтың хаты» тақырыбында Жуалы ауданының маңында орналасқан «Қыз әулие» шатқалына, «Абардадж» қалашықтарына саяхат ұйымдастырылды. Биыл Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына орай музейде «Даңқ» залына реэкспозиция жасалып, келушілерге есігін ашты. «Даңқ» залында Жуалы ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары, генералдар, ауған соғысы, желтоқсан оқиғасының қатысушылар, тыл еңбеккерлері,Еңбек Ерлері жайында көптеген ақпараттар көрмеге қойылған.
Қазіргі таңда музейде штаттық кестеге сәйкес -15 (он бес) қызметкер музей жұмысының дамуына өз үлесін қосып, еңбек етуде.