Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ

2019 жыл ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Жастар жылы" болып жарияланғаны белгілі. Бұл кіші буынға деген айрықша қамқорлықтың, ерекше мүмкіндіктің белгісі ретінде бағаланды.

Осыған сәйкес, атқарушы билік алдына бірқатар мәселелер қойылып, маңызды міндеттер жүктелді. Осы орайда жастардың жігерін тиімді пайдаланып, өз саласында озық көрінуіне айрықша көңіл бөлу қажеттігі басты назарға алынды.

Жалпы ауданда статистика көрсеткіштері бойынша 2021 жылы тұрғындар саны  52 990 адамды құраса, оның ішінде жастар 13 946 адамды құрайды, жалпы халықтың 26,3 %. Олардың 7 364 (52,8%) адамы ерлер, 6582 (47,1%) адам әйелдер.

Жалпы ауданда жастардың ахуалы тұрақты сипатталады. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысымен «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына қанағаттану деңгейі» - 93 пайызды құрады.

Мемлекеттік жастар саясатының қаржыландырылуы:

Үстіміздегі жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 45 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізетін іс-шараларға 6 млн. теңге бөлінді.

Аудан әкімдігі жанында Жастар істері жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Жоспарға сәйкес кеңес отырысы жылына 2 мәрте өткізіледі. 2020 жылы аудан әкімдігі жанында Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы бекітілген жоспарға сәйкес 2 рет өткізіліп, хаттамалық тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 3 жастар ұйымы тіркелген және мекеме жанынан 10 клуб  жұмыс жасайды. 

Аудандық жастар ресурстық орталығында 27 маман жастарға қызмет көрсетеді.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі 2020 жылдың 12 айында 748 әр түрлі іс-шараларды ұйымдастырып өткізді. Әртүрлі санаттағы жастарға бағытталған  шарада 7950 жас қамтылып, 3 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 28 онлайн кеңестер беру жұмыстары жүргізілді.

Бұл бастамалар нәтижесіз қалған жоқ, яғни құқықтық, әлеуметтік, психологиялық әр түрлі бағытта консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы  шешуге мүмкіндіктер жасалды..

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша:

Ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақыны 50 жас Ал, тұрғын үй сатып алуға 22 маманға несие берілген. Көтерме жәрдемақы алуға кезекте тұрғандар саны – 31.

        NEET жастар туралы:

2020 жылы жүргізілген жұмыстарға сәйкес NEET жастарды анықтау мақсатында мекеменің ауылдық округтердегі инспекторларының көмегімен 57 жас тіркелген болатын. Аталған NEET жастар санатынан бүгінгі таңда 44 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды. 2021 жылы аудан жастары санатынан 49 NЕЕТ жас анықталып 6 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды.

        Аудан жастарын жұмыспен қамту бойынша:

2020 жылдың есептік кезеңіне дейін «Жұмыспен қамту орталығына» барлығы – 1551 жас жұмыссыз ретінде тіркелген, оның ішінде 592 жас - тұрақты жұмысқа, қоғамдық  жұмысқа - 128 жас, 321 жас - «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына,    39 жас - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, қысқа мерзімді курсқа оқуға  64 жас жіберілді, 196 жасқа қайтарымсыз грант берілді, бастау курсынан оқуға 165 жас жіберілді, микрокредит алған 48 жас алды, аудан жастары арасында жұмыссыздық деңгейі 1,5 пайызды құрап отыр.

2021 жыл қаңтар, ақпан айларында аудан жастары қатарынан жастар тәжірибесімен 29, қоғамдық жұмысқа 46, әлеуметтік жұмысқа 17, тұрақты жұмысқа 91 жас орналасты. Ағымдағы жылдың басынан бері 61 жас жұмыссыз ретінде тіркелген.

        «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша:

Бүгінде жастарды маусымдық еңбекпен қамтуға «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 50 жас 3  айлық маусымдық жұмысқа қабылданды. Мамыр айының 20-нан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы негізінде көктемгі көгеріштендіру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін «Жасыл ел» сарбаздары түрлі жұмыстар атқарды. Атап айтар болсақ жұмысқа тартылған жастар қоғамдық орындарда, саябақтарда, мәдени орындарда тазарту жұмыстарын жасады. Жалпы 22 тонна қоқыс шығарды және 1100 м қоршауларды сырлады. Сонымен қатар 4,2 га жерді арам шөптен тазартты және 600- ге жуық түп тал дарақтарын суғарды.

        Волонтерлар  жұмысы туралы:                     

2020 жылы мекеме жанынан құрылған «Қамқор» қайырымдылық-волонтерлық клубымен бірлесе отырып волонтерлықтық 7 бағыты аясында волонтерлармен барлығы  348 іс-шара өткізілді. Көп балалы, аз қамтылған және жалғыз басты қарияларға 228 қайырымдылық шаралары жасалынды. Бүгінгі таңда волонтерлар клубында 70 жас ерікті түрде жұмыс жүргізуде.                

Ақпарат үшін: Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 4 мәдениет үйі мен 19 ауылдық клуб, 26 кітапхана, 26 футбол алаңдары, 21 street workout алаңшалары  жастарға қызмет көрсетеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы