
Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің
2025 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
Жер қатынастары бөлімінің 2025 жылғы қаңтар айындағы жер есебі бойынша Жуалы ауданы жерінің жалпы көлемі 413 698 га., оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 210 548 га. бұның егістігі 95 447 га., суармалысы 8 719 га. және жайылымы 113 055 га., шабындығы 2046 га. құрайды.
Бұлардан басқа, жер санаттары бойынша елді-мекендерде 48 765 га., өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауылшаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 4 384 га., орман қоры 103 861 га., ерекше қорғалатын аймақтардың жерлері 10 633 га., су қоры 8 615 га., босалқы жерлер 26 892 га. құрайды.
Бүгінгі күнге ауылшаруашылығы өндірісін жүргізіп жатқан 2 372 шаруа қожалықтары- жер көлемі 183 990,0 га., оның ішінде егістігі 88 090,0 га., 3 өндірістік кооперативтері жер көлемі 10 087,0 га., 10жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2 ауылдық тұтыну кооперативтері және 2 әртүрлі тұлғалар жер көлемі 12 761,0 га., оның ішінде егістігі 4 622,0га. құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша.
Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 8 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
5. «Ауылшарушылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру» мемлекеттік қағидасы бойынша 2 өтініш келіп түсіп қанағаттандырылды. Атап айтқанда азаматтардың өтініштері және тиісті құзырлы мекемелердің келісім құжаттарының негізінде 34,3 гектар жайылым жер телімін егістік жер телімі санатына ауыстырылды.
Бұл қызметтерді көрсету бойынша жалпы 467 өтініш түсіп, орындалды.
Арыз өтініштер бойынша.
Бүгінгі күнге аудандық жер комиссиясының құрамы қайта бекітіліп, отырысы аптаның бейсенбі күндері өткізіліп, онда жерге қатысты әртүрлі мәселелер қаралып, тиісті қорытындылар қабылдануда
2025 жылдың бүгінгі күніне жалпы аудандық жер комиссиясының 26 отырысы өткізіліп аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жер мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 129 арыз-өтініштері келіп түскен, арыз-өтініштер жер комиссиясы отырысының қарауына ұсынылып, тиісті қорытындылар қабылданып, өтініш иелеріне жауап берілді.
Ауылдық округтерден барлығы 166 арыз-өтініш түсіп аудандық жер комиссиясы отырысында қаралып жауаптары берілді.
Түрлі мекемелерден әртүрлі бағытта 71 хатттар келіп түсіп, орындалған.
Жер саласы бойынша барлығы 161 қаулы жобасы әзірленіп аудан әкімдігінің қаулылары қабылданды.
Жер пайдаланушылармен 321 жер учаскелерін жалға алу келісім шарты жасалды
Жер телімдерін сату және жалдау құқықтарын сату бойынша жалпы саны 32 келісім шарт жасалған:
6 жылдық жалдау құқығын сатып алу бойынша 303202 есеп шотына 909 073 теңге төленген.
Жер теліміне қосымша жер қосып сатып алу, құрылыс асты және өзге де жер телімдерін сатып алудан 303101 есеп шотына 6 462 952,1 теңге төленген.
2025 жылдың бүгінгі күніне дейін жалпы көлемі 7 372 025,1 теңге қаржы мемлекет бюджетіне түскен.
Конкурс, аукцион бойынша.
Осы жылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде 2 конкурс өткізілді. Нәтижесінде 7 жер учаскелері қойылып жалпы көлемі 192,5762 га., оның ішінде егістігі 42,5762 га. жайылым 150,0 га. жерлер конкурс арқылы берілді. Сонымен қатар конкурсқа 870,84 гектар жер телімдері Жуалы ауданы әкімдігінің 01.04.2025 жылғы №78 қаулысымен бекітіліп жыл сонына дейінконкурсқа шығарылады
Сонымен қатар, аудан бойынша 8 аукцион өткізіліп 8 жер учаскесі қойылып жалпы жер көлемі 5,2135 га., кадастрлық құны 490 674 теңге тұратын жер 8 747 337 теңгеге сатылды.
Жайылым бойынша.
2025 жылы облыстық жер қатынастары басқармасымен 5000 гектар жер телімін қайтару жоспары бекітілді. Бүгінгі күнге жалпы көлемі 223,1049 га. болатын 16 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Оның ішінде егістігі 131,2349 га., жайылымы 87,0 га., басқа жерлер 4,87 га. қайтарылды.
«ИСЖ» базасы бойынша мал басы тіркелмеген 102 субьекті бойынша жалпы көлемі 21 622,5131 гектар жер учаскелерінде мал бастары тіркелмегендіктен, мақсатына сай пайдаланылмай жатқандықтары анықталды. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (егістік алқпаты) мақсаты бойынша пайдаланбау (игермеу) туралы 10 жер телімі анықталып жалпы көлемі 830,7916 гектар болатын егістік жер учаскесіне ауыл шаруашылығы дақылдарын егу немесе егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстар жүргізілмеген. Осы жер учаскелеріне тиісті заңнамаға сәйкес шара қолдану бойынша Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті «Жамбыл облысы жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не хат жолданды. Осыған байланысты «Жамбыл облысы жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не шара қолдану үшін хат жолданды.
2023 жылы Жуалы ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысымен және 2023 жылғы Жуалы аудандық Мәслихаттың бірлескен шешімімен Ақтөбе, Боралдай, Күреңбел, Қызыларық, Шақпақ ауылдық округтеріне жайылым жер телімі қосылып берілді. Сонымен қатар 2025 жылғы жоспар бойынша елді мекенге 1000 га. жайылым қосу жоспарланған. Елді-мекен тұрғындарының мал жайылымына мұқтажын шешу мақсатында ауданның босалқы жер қорындағы жалпы көлемі 11 161 гектар болатын жайылым жер телімдерін Б. Момышұлы ауылы және Ақсай, Билікөл Жетітөбе, Көкбастау, Қарасаз, Қошқарата, Мыңбұлақ, Нұрлыкент ауылдық округтеріне жерге орналастыру жобасы дайындалды. Бүгінгі күнге Ақсай ауылдық округі заң талаптарына сәйкес елді мекенге 864,0 гектар қосылатын жер телімдерін заңдастыру үшін толық құжаттары мәслихатқа бекітуге ұсынылды.
2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту бойынша ауылдық округтердің жер жоспарын (карта) жасату үшін қаржы қарастырылып жайылым жоспарына қатысты карта дайындалды. Қазіргі уақытта мәслихат отырысының қарауына ұсынылады.
Инвестициялық жобаны іске асыру бойынша
Бүгінгі күнге Жуалы ауданында инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Артиллериялық оқ-дәрілер өндірісінің толық циклін құру жөніндегі жобаны іске асыру үшін Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы жанынан жалпы көлемі 100-120 гектар жер учаскесін қарастырып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны «инвестициялық жоба» ретінде тану бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің 22.01.2025 жылғы №1 хаттамасына сәйкес «Hi-Tech Qazaqstan» ЖШС Жуалы ауданының аумағынан «Күн энрегиясы пайдалана отырып, қуаты 2 МВт болатын электр көлікке арналған қуаттандыру станциясын салу» үшін жалпы көлемі 12,0 гектар жер телімі Жуалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №99 қаулысымен уақытша 2 (екі) жыл мерзімге жер пайдалану құқығына берілді.
Жуалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 шілдедегі №161 қаулысымен «GasEnergyQZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіні бу-газ қондырғысының құрылысын жүргізу үшін Билікөл ауылдық округі «Билікөл» жер қоры жерінен жалпы көлемі 77,6852 гектар, оның ішінде жайылымы 77,6852 гектар, болатын жер учаскесіне уақытша 3 (үш) жыл қысқа мерзімді өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығына берілді.