
Жуалы ауданы бойынша өткен жылы жүзеге асырылған және ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан инженерлік инфрақұрылым жобалары бойынша ақпарат
Табиғи газ бойынша:
Бүгінгі күнге аудан бойынша 47 елді мекен табиғи газбен қамтылған, пайызға шаққанда 95,9 пайызды құрайды. Ақпарат үшін: 2024 жылы Қарабастау, Жылыбұлақ ауылдарының кварталішілік газ тарту және магистралды газ тарту желілерінің құрылысы жүргізілді. Қаржысы 728 млн тг.
2025 жылға Дарбаза, Абдықадыр ауылдарында кварталішілік газ тарту жүйесінің құрылысы жүргізіліп, аяқталуда. Жыл қорытындысымен аудандағы елді мекендер толығымен табиғи газбен қамтылатын болады.
Ауыз су бойынша
Бүгінгі күнге ауданның 49 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ауыз су құбырының ұзындығы 542,56 шақырым.
2024 жылы 2 е.м. ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Олар: Түктібай, Ақтөбе ауылдары
Сонымен қатар осы жылы 4 елді мекен аула және халық саны аз болғандықтан КБМ орнату арқылы ауыз қамтылды. Қарасу, Көктас, Күркіреусу, Амансай.Сонымен қатар ауыз су жүйесі тозуына және ескіруіне байланысты Көлбастау, Күреңбел, Бақалы ауылдарының су жүйесіне жаңа құрылыс қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үй бойынша:
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегінде бері 1134адам түрлі санаттар бойынша кезекте тұр
2023 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға 36 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз берілді.
Электр энергетикасы бойынша:
Жуалы аудандық электр желілері мекемесі тарапынан инвестициялық бағдарлама бойынша 2024 жылғы келесідегідей жұмыстар атқарылды.
Т.Дүйсебайұлы аулына кіретін 10 кВ 1,4 км әуе желісі, №46 және 390 10/0,4кВ қосалқы стансаларыкүштік трансформаторлары 250кВА-лық қосалқы стансаларға, 0,4 киловольтты әуе желілерінің ағаш бағаналары темір-бетон бағаналарға, электр желілері СИП4 оқшауланған электр сым-дарына ауыстырылды.Үйлерге кіретін сымдар мен электр есептегіштері толығымен ауыстырылды.
Қаратас ауылындағы №86 10/0,4кВ қосалқы стансасындакүштік трансформаторы 250кВА-лық қосалқы стансаға, 0,4 киловольтты әуе желілерінің ағаш бағаналары темір-бетон бағаналарға, электр желілері СИП4 оқшауланған электр сым-дарына ауыстырылды. Үйлерге кіретін сымдар мен электр есептегіштері толығымен ауыстырылды.
Нұрлыкент ауылындағы №53 10/0,4кВ қосалқы стансасындакүштік трансформаторы 250кВА-лық қосалқы стансаға, 0,4 киловольтты әуе желілерінің ағаш бағаналары темір-бетон бағаналарға, электр желілері СИП4 оқшауланған электр сым-дарына ауыстырылды. Үйлерге кіретін сымдар мен электр есептегіштері толығымен ауыстырылды.
Осы инвестициялық бағдарлама барысында 0,4 киловольтты әуе желі-сінде 11 шақырым СИП4*35 маркалы электр сымы, 319 дана темір-бетон бағана, 7,7 шақырым үйлерге кіріс СИП4 сымы, 317 дана электр есепте-гіші ауыстырылды. 10 киловольтты әуе желісінде 34 дана темір-бетон бағана, 6,2 шақырым электр сымы ауыстырылды.
Ағымдық және күрделі жөндеу барысында 0,4 киловольтты әуе желісінде 40 дана бағана, 38 дана темір-бетон пасынок, 4 шақырым электр сымы, 10 киловольтты әуе желісінде 20 дана бағана, 20 дана темір-бетон пасынок, 2 шақырым электр сымы ауыстырылды.
2025 жылға инвестициялық бағдарлама бойынша Қарабастау ауылында - 3 трансформатор, 316 бағана, Шымбұлақ ауылында – 1 трансформатор, Алатау ауылында – 1 трансформатор, 90 бағана, Б.Момышұлы ауылында – 1 трансформатор, 87 бағана ауыстыру жоспарланып, қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде
Автомобиль жолдары бойынша
Аудан бойынша 2024 жылға жалпы 1,1 млрд теңгеге қаралып, 40 жоба44,66 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық мәндегі «Шақпақата-Ынтымақ-2,73 шақырым»
Аудандық мәндегі «Ертай ауылына кіре-беріс-2,190 шақырым»
Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 755,0 мың теңгеге 28 жоба 28,38 шақырым автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қайрат ауылында Ә.Беделбаев көшесін орташа жөндеу
Дихан ауылындағы Абай және Жамбыл көшелерінің бір бөлігінің жолдарын орташа жөндеу `(1,04 шқ),
Көктөбе ауылындағы Бейсен Сапирова көшесін орташа жөндеу (1,127 шқ ),
Көлбастау ауылындағы Қонаев көшесін орташа жөндеу (1,777 шқ)
Талапты ауылындағы Қызыбек би көшесін орташа жөндеу (0,659)
Талапты ауылынан Көлбастау көшесін орташа жөндеу (0,758шқ),
Талапты ауылындағы Б. Момышұлы тұйық көшесінің 1 көшесін орташа жөндеу (0,508 шқ),
Қарасаз ауылындағы Нұрлыжол көшесін орташа жөндеу (1,05шқ),
Қарабастау ауылындағы А. Әлімбетов көшесін орташа жөндеу (1,107шқ),
Нұрлыкент ауылындағы Е. Байғазиев көшесін орташа жөндеу (4,619 шқ),
Нұрлыкент ауылындағы Болашақ көшелерін орташа жөндеу (0,841шқ), Нұрлыкент ауылындағы Бектаев көшелерін орташа жөндеу (0,425шқ), Нұрлыкент ауылындағы Шапағат көшелерін орташа жөндеу (0,462шқ), Нұрлыкент ауылындағы Ынтымақ көшелерін орташа жөндеу (0,264шқ),
Көлтоған ауылындағы Қонаев тұйық көшесін орташа жөндеу. (0,247шқ),
Көлтоған ауылындағы Жамбыл көшесін орташа жөндеу (0,546шқ),
Көлтоған ауылындағы Сейділда көшесін орташа жөндеу (0,383шқ),
Көлтоған ауылындағы Төле би көшесін орташа жөндеу (0,749шқ),
Қаратас ауылындағы А. Байшаханов көшесін орташа жөндеу (1,334шқ),
Т. Дүйсебай ауылындағы Нарыбай көшесін орташа жөндеу (0,685шқ),Т.Дүйсебай ауылындағы Жамбыл көшесін орташа жөндеу (0,456шқ),
Шақпақата ауылындағы Сүгіртегі көшесін орташа жөндеу (1,83 шқ),
Шақпақата ауылы Желтоқсан көшесі, Кемелбек көшесі, орташа жөндеу (1,715шқ),
Б. Момышұлы ауылы Әл-Фараби көшесі мен Көктем көшесін орташа жөндеу (1,400 шқ)
Б. Момышұлы ауылындағы Мәметова көшесі мен Алтынсарин тұйық көшесін орташа жөндеу `(0,705шқ)
Б. Момышұлы ауылындағы Наурыз, Уәлиханов, Ақжол көшелерін орташа жөндеу `(1,260 шқ),
Б. Момышұлы ауылындағы Оразбаев 1-ші және 2 - ші учаскелердің көшелерін орташа жөндеу (0,495 шқ),
Қызыларық ауылындағы Сламбай көшесін орташа жөндеу (0,940 шқ),
Жергілікті бюджеттен 266,0 мың теңгеге 10 жоба 11,619 шақырым:
Дарбаза ауылындағы Дарбаза көшесін орташа жөндеу `(1,005 шқ),Шымбұлақ ауылындағы Құрмаш көшесін орташа жөндеу `(0,450 шқ),
Майбұлақ ауылындағы Темірбеков көшесін орташа жөндеу `(1,822 шқ),
Қызыларық ауылдық округінің Алатау ауылындағы тұйық көшесімен Молтек көшесін орташа жөндеу `(0,615 шқ),
Рысбек батыр ауылындағы Аугамбай көшесінің жолын орташа жөндеу `(1,8 шқ),
Т. Дүйсебайұлы ауылындағы Б. Момышұлының орташа жөндеуі `(1,837 шқ),
Шақпақата ауылындағы аллеялары бар № 2 Оразбаев көшесін орташа жөндеу `(1,361 шқ),
Қошқарата ауылындағы Сауранбекұлы көшесін орташа жөндеу ` (1,519 шқ),
Қошқарата ауылындағы Қонаев көшесі №1, №2 және № 3 (3 учаске) орташа жөндеу `(0,760 шқ)
Б. Момышұлы ауылындағы В. Латикант көшесін орташа жөндеу (0,450 шқ),
Көше жарығы бойынша:
2024 жылы жалпы 12,389 шақырым болатын 11 көше жарықтандырылды.
Қайрат ауылы Ә.Молдағұлова көшесі, Қарабастау ауылы Таржанов көшесі, Жылыбұлақ ауылы Орталық көшесін жарықтандыру, Көктөбе ауылы Бейсен ата көшесі, Теріс ауылы Бектеміс ата көшесі, Ақбастау ауылы Қойгелді көшесі, Нұрлыкент ауылы Байғазиев көшесі, Нұрлыкент ауылы Достық көшесі,Нұрлыкент ауылы Жамбыл көшесі, Түктібай ауылы Бердимбетов көшесі, Нұрлыкент ауылы Замбаев көшесі.