Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім

Жуалы ауданының білім бөлімінің  2025 жылдың  атқарған

 6 айлық жұмыстары және  міндеттері

 

Білім беру саласын қаржыландыру, материалдық-техникалық база

Ауданда  білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. 

2025 жылы білім саласына  17 001 741,0 мың теңге қаржы  бөлінді  (2024 жылы –16  млрд. 973 млн 977 мың теңге).

Мектепке дейінгі тәрбие

Мектепке дейінгі ұйымдар саны – 26, онда 1980 бала тәрбиеленеді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі:

1-6 жас аралығында – 100%

2-6 жас аралығында – 98%

3-6 жас аралығында - 100%

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны- 8 онда 470 бала тәрбиеленеді,  1 шағын орталықта  50 бала тәрбиеленуде.

Орта білім

Аудандық 39  білім мекемесі бар, онда барлығы 10064 оқушы  білім алуда.

- 39 мемлекеттік мектепте-10064 оқушы;

Аудандық 39 мектептің:

 - 18-і (46,1%) шағын жинақты мектеп  (оның ішінде 6 БМ, 3 НМ, 9 ОМ).

- 33-ы қазақ тілінде, 6-ы қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

- 6-і бастауыш, 3-і негізгі, 30-ы орта мектептер.

ҰБТ нәтижесі

2025 жылы мектеп бітірген 649 түлектің 617-ы (95%) қатысты  2024 жылы аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 70,4-ті құрады  2025 жылы аудан бойынша ҰБТ орташа балл 73,4 (+2)

 2025 жылы 100-ден жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны – 54 (9%) (Шекті деңгейден өтпеген бітірушілер саны –81-і (13%) құрады.

649 мектеп бітірушінің «Алтын белгі» төсбелгісіне 24-і  үміткер,                         11-сыныпты бітірген 649 мектеп бітірушінің 72-і Үздік аттестатының иегеріне үміткер, 9-сыныпты бітірген 1005  оқушы  109  Үздік аттестат иегерлері болды.

2025 жылы ауданда  оқу  жылының қорытындысы бойынша білім сапасы  68,01 %-ды құрады. Өткен оқу жылының   қорытындысымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға жоғары.  

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету

2024 жылы оқулықтар мен оқу–әдістемелік кешендерін, көркем әдебиеттер сатып алуға  199 589 086  теңге бөлінді (оның ішінде  405 000 теңге тасымалдауға).

2025 жылы оқулықтарға бөлінген қаражат – 139 609 000.

Игерілгені: әлі игерілмеді

Қауіпсіздік мәселесі

Жуалы ауданы ауданы білім бөлімі Сізге, аудандағы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша төмендегіні хабарлайды .

Аудандағы 39 білім беру мекемесі 2 топқа бөлініп, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде.

Ауданда 39 мектептің I-топқа 26 мектеп, II-топқа 5 мектеп жатады, ал 8 мектепте бала саны 100-ге жетпеуіне байланысты екі топқа кірмейді.

Ауданда 26 балабақшаның I-топқа 3 балабақша, II-топқа 6 балабақша жатады, ал 17 балабақша екі топқада жатпайды (бала саны 100-ге жетпейді)

Дабыл түймесі

2025 жылға I-II топқа жататын 31 мектептің 31 мектебінде дабыл түймесі  орнатылды.  Мердігер ""БТБ Көк-Жал күзет"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі №121 23.04.2025 келісім шарт жасалынған. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұр.

Мамандандырылған күзет қызметі

Аудандағы 5 мектепте мамандандырылған күзет қызметі бар. Мердігер "Рыспан Security" Жауапкешілігі шектеулі серіктестік. Балабақшаларда мамандандырылған күзет бойынша бюджеттен қаржы қарастырылмағандықтан күзет жоқ.

Турникет

Талап бойынша бала саны 700-ден жоғары  5 мектептің 5 мектебінде турникет бар. Face id функциясымен турникет орнатылған.

Құлақтандыру жүйесі

Жалпы 39  мектептің 37 мектебінде төтенше жағдайды хабарлау, құлақтандыру дабылымен толық қамтамасыз етілген.

Бейнебақылау

Ауданда 39 мектептің барлығында 100% бейнебақылау камералары орнатылған, мұнда барлығы 737 камера бар. 737 камераның 650-і ци фрлық 87 аналогтық.

Ауданда 26 балабақшада жалпы саны 310 камера (169 цифрлық, 141 аналогтық) орнатылған. 160 цифрлық бейнекамера полиция бөлімшесіне интеграцияланған.

Интеграция бейнекамера

2024 жылы I-II топқа жататын 31 мектептерінің цифрлық бейнебақылау камералары жергілікті полиция бөлімшесіне интеграцияланып тұрғанын мәлімдейді. 

Білім саласын цифрландыру

39 (100%) мектептің барлығы интернет желісімен қамтамасыз етілген, оның 9 мектеп 20 мбит/с дейінгі, ал 30 мектеп 20-100 мбит/с жылдамдықта қосылған.

«BilimClass» жүйесіне 39 мектеп қосылған

Ауданда  6 IT сыныбы ашылды (2024 жылы - 4).

32 (82%) мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған.

Оқу үдерісінде пайдаланатын компьютерлер саны –2735

74 оқу кабинетінің барлығы компьютермен қамтамасыз етілген.

Қосымша білім беру аудан Қосымша білім беру аудан бойынша 4 мектептен тыс мекемеде 4297 (42,3%) (2024 жылы – 4244 (41%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған. 2024 жылмен салыстырғанда қосымша білім алатын оқушы 1,3% артқан.

Бала құқығын қорғау

Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің есебінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны жалпы 29 отбасыдан 39 бала., 36 бала қорғаншылық және қамқоршылықта 26 отбасыдан, 3 бала патронаттық тәрбиеде 3 отбасыдан. 23 бала тұл жетім, 16 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

 Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру

2024-2025 оқу жылында 218 мүмкіндігі шектеулі бала анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға артқан (2023-2024 оқу жылы – 210 тіркеліп, оқумен және тәрбиемен қамтылғаны - 164і (78%)):

Биылғы оқу жылында  218 мүмкіндігі шектеулі баланың 184-і (84,4%) оқумен және тәрбиемен қамтылып отыр.

Аныктама:

- 1 мектепке дейінгі мекемедегі логопугкте 20 бала тәобиеленуде.

Жалпы білім беретін мектептер бойынша ерекше қажеттілігі бар балалар саны – 144 (2023-2024 о.ж. -129), оның ішінде:

- 26 мемлекеттік мектептерде 46 инклюзивті біліммен қамтылған;

- 98 бала үй жағдайында оқытылуда;

ауданда осы бағытта 1 жеке меншік орталық  жұмыс жасайды қамтылған бала саны 20.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелері:

- мектептер саны – 39 (87,1%) (2023-2024 о.ж. – 87,1%);2024-2025 оқу жылында 619 мүмкіндігі шектеулі бала анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 17 балаға артқан (2023-2024 оқу жылы – 607 тіркеліп, оқумен және тәрбиемен қамтылғаны - 554-і (91,26%)):

Биылғы оқу жылында  619 мүмкіндігі шектеулі баланың 567-і (91%) оқумен және тәрбиемен қамтылып отыр.

- Аягүл бөбекжай балабақшасында  логопункт жұмыс атқаруда онда тіл мүкістігі бар 20 бала тәрбиеленуде. Инклюзивті білім беру бойынша 16 мемлекеттік балабақшада жағдай жасалған ол 61,7% құрайды

Жалпыға міндетті білім беру

2025 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 2570 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен  617 млн 314 мың 690 теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан аудан бойынша 1,9 % құрайды (ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес 2 пайыз). Анықтама: 617 млн. 314 мың 690 теңге. Оның ішінде:- тамақтандыруға –480 млн 804 мың теңге;- киім-кешекке әр оқушыға 53117 теңгеден  2570  оқушыға 136 млн 510 мың 690 теңге;

Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге 53117 теңгеден бөлініп (2024 жылы-47394 тг.), ата аналардың жеке шоттарына аударылуда.

1 қыркүйектен бастап барлық 1-11 сыныптағы 4818 оқушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Оған облыстық бюджеттен  197 млн 538 мың 800       теңге қаржы бөлінді.

- мектеп жанындағы жазғы сауықтыру демалысына 1-8,10 сынып аралығындағы аз қамтылған отбасынан шыққан 2177 оқушыға ыстық тамаққа жалпыға міндетті білім беру қорынан 11 млн 973,5 тг қаражат бөлінді.

          - қала сыртындағы жазғы сауықтыру демалысын өткізуге 325 оқушыға 20 475,0 теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Тасымалдау

 Аудандық білім бөліміне қарасты 39 мектептің 9 мектебінде 18 ауылдық аймақ бойыша мектебі жоқ шалғай аймақтардан оқушылар тасымалданып оқиды. 1 ауысым бойынша 326 оқушы, 2 ауысым бойынша 130 оқушы жалпы саны 456 оқушы тасымалданады.Оқушыларды тасымалдайтын жалпы автобус саны 10. №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінде 2, қалған мектептерде  1 автобустан.

Материалдық-техникалық базаны нығайту

Аудандағы  39 мектептің:

- 30 (76,09 %) - типтік;

- 9 (23,07 %) - ыңғайластырылған;

Құрылыс Қошқарата ауылындағы №9 Абай атындағы орта мектептің сыртқы кәріздерді орнату бойынша мердігер «Қарақат-2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 300,00 мың теңгеге жұмыстарын орындады. Көлтоған ауылындағы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын мердігер жеке кәсіпкер «ЕРНҰР» 10 911,1 мың теңгеге жүргізуде. Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе тірек мектебінің спорт залына мердігер жеке кәсіпкер «Art Hall» 7 800,00 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бауыржан Момышұлы ауылындағы №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің спорт зал еденіне жеке кәсіпкер «ЕРНҰР» 11 101,1 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қарабастау ауылындағы №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп спорт залының сыртына жеке кәсіпкер «ЕРНҰР» 3 981,1 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әдбіқадір ауылындағы №36 Ш.Уалиханов атындағы негізгі мектептің шатырын ауыстыру жұмыстары бойынша бағалы ұсыныс тәсілі арқылы конкурс жарияланып, мердігері 26.07.2025 жылы анықталатын болады. Қошқарата ауылындағы №9 Абай атындағы атындағы орта мектептің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша бағалы ұсыныс тәсілі арқылы конкурс жарияланды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жуалы ауданының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы