Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2026 жылдың І тоқсанындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтеріне талдау анықтамасы

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

2026 жылдың І тоқсанындағы есебі

 

         Шақпақ ауылдық округі бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, олар:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қағидасы;

         2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қағидасы;

  1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру қағидасы;

         4.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату қағидасы;

         5.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу қағидасы.

         6.Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту қағидасы.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларына сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Шақпақ ауылдық округі бойынша  1 мемлекеттік қызмет түрінен 3 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2026 жылдың І тоқсанында 1 іс-шара өткізіліп, 16 адам қамтылды.

         Шақпақ ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2026 жылдың І тоқсанында арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, округ әкімі аппараты арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау жұмыстары және кездесулер тоқсан сайын ұйымдастырылады.

2026 жылдың І тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан 23 қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан тұрғындар жиі пайдаланатын ақпараттық жүйелер арқылы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (egov.kz), Электрондық еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы (enbek.kz), Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау (elicense.kz) және т.б. кез келген мемлекеттік қызмет түрлерін алуға қолжетімді.

Дата публикации
02 апреля 2026