Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2025 жылдық есебі

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

2025 жылдық есебі

 

         Шақпақ ауылдық округі бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, олар:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қағидасы;

         2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қағидасы;

  1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру қағидасы;

         4.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату қағидасы;

         5.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу қағидасы.

         6.Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту қағидасы.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларына сәйкес,   2025 жылда Шақпақ ауылдық округі бойынша  5 мемлекеттік қызмет түрінен 8 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2025 жылда 4 іс-шара өткізіліп, 96 адам қамтылды.

         Шақпақ ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, округ әкімі аппараты арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау жұмыстары және кездесулер тоқсан сайын ұйымдастырылады.

2025 жылда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан 178 қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан тұрғындар жиі пайдаланатын ақпараттық жүйелер арқылы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (egov.kz), Электрондық еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы (enbek.kz), Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау (elicense.kz) және т.б. кез келген мемлекеттік қызмет түрлерін алуға қолжетімді.

 

Дата публикации
02 февраля 2026