Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараты6мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

Оның ішінде:

-           "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" –

            "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"

"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" 

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

         2025 жылдың 12 айында ауылдық округі әкімі аппаратында
31 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

-электронды түрде – 30 қызмет ("Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу","Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"). Мемлекеттік қызмет көрсету барысында дәлелді себептермен 4 өтініш бас тартылды.3 өтініш иесі өтініштерін кері қайтарып алды.

- қағаз түрінде -1 қызмет ("Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату") көрсетілді.

         2025 жылдың қорытындысы бойыншамемлекеттік қызметтіңмерзімі бұзылмады.Тәртіптік жауапкершілікке тартылған жауапты тұлға жоқ.

         Есепті кезеңде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 1 ішкі бақылауіс-шараларын өткізді.

         2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың1 фактілері бар.

Зерттеудің мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және процестердің ашықтығына қатысты қанағаттану деңгейін бағалау, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау болды.

 Аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         2025 жылдың 12 айындамекемеқызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан  өтпеді.

Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2025 жылы 4 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Есеп
Дата публикации
12 января 2026