Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2025 жылдың I тоқсанына талдау анықтамасы

«Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сінің 2025 жылдың І-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметі:

-Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына шағым білдірудің жаңа тетіктерін қарастыру және олармен кері байланыс орнату мақсатында «EgovKzBot2.0» бот платформасы іске қосылғандығы туралы ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, парақшалар таратылды, әлеуметтік (Instagram, Facebook) желілерінде фото және бейнероликтер салынды, Көлбастау ауылы, Абай көшесі бойында мектепке қарама қарсы  3x4 көлемінде баннер орнатылды;

- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 3 (үш) өтініш тіркелді. Олар: 3 (үш) қағаз түрінде - "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметі, 1 (бір) Электронды түрде көрсетілетін «Е-Лицензиялау» АЖ арқылы - "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі бойынша.

- Мемлекеттік қызметтерді тіркеу және орындалу барысында мерзімдері сақталған;

-Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бас тартулар орын алған жоқ.

 

Дата публикации
14 июля 2025