Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2024 жылдың IV тоқсан бойынша талдау анықтамасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына:

  1. осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  2. осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  3. осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
  4. осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
  5. осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

2024 жылдың IV тоқсаны бойынша Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш түспеді.

2024 жылдың IV тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылылмады.

         2024 жылдың IV тоқсан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі      іс-шаралар, мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің жылдық  жоспары бекітілген.

          Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың IV тоқсан бойынша  іс-шара ұйымдастырылып, халықпен кездесу, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына шағым білдірудің жаңа тетіктерін қарастыру және олармен кері байланыс орнату мақсатында «EgovKzBot2.0» бот платформасы іске қосылғандығы туралы ауылы тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, парақшалар таратылды, әлеуметтік (Instagram, Facebook) желілерінде фото және бейнероликтер салынды, Көлбастау ауылы, Абай көшесі мектеп алдында                     3x4 көлемінде баннер орнатылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 февраля 2025