Қошқарата ауылдық округінде ауа-райының күрт нашарлауына байланысты қалың түскен қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық мәндегі жолдар мен ауыл ішілік жолдар қардан тазартылуда.
2024 жылы 23 ақпан күні Қошқарата ауылында ауыл шаруашылығы жөнінде тұрғындармен және шаруа қожалық басшыларымен кездесу (агро оқу) өткізілді. Жиналысқа ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық аумақтық инспекция, фитосанитариялық орталық, және ветериналық бөлім басшыларының қатысуымен 2024 жылы атқарылатын жұмыстар мен ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер бойынша түісіндірді. Дизель отыны, тұқым, техника субсидиялары туралы және тамшылатып суару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың 23 ақпан күні Қошқарата ауылдық округіндегі мекемелерде "Жер сілкінісі орын алған жағдайда қызметкерлердің іс-әркеті туралы" тақырыбында сейсможаттығу өткізілді.Аталған жаттығуға 450 жуық мекеме қызметкерлері мен оқушылар қатысты.
Округке қарасты елді мекендердегі күннің күрт жылуынан еріген қар сулары ағатын арық атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауған асуында от кешкендер
Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Қошқарата ауылдық округінде "Бейбіт күнде от кешкендер" атта ардагерлер мен жастардың кездесуі өтті. Аталған шараға ауған соғысының ардагерлері Е.Тлеубеков және Н.Көкеев қатысты.
Аға буын өкілдері кездесуге қатысқан жастарға бейбіт заманның артықшылығы мен заманның тыныштығы, жастардың өз елін, жерін сүйіп қастерлеудегі маңыздылығын түсіндіре кетті.
Ардагер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуді ұмытпау, есімдерін әрдайым қастерлеу болашақ жас ұрпақтың еншісінде екендігіне тоқталды. Кездесу соңында ауыл жастары ардагерлерге сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкiмдердiң халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, 2023 жылы 16 желтоқсан күні аудан әкімі Ж.Мұртазаның бекіткен ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарымен кездесулерінің икемді кестесіне орай 2024 жылдың 24 қаңтары күні Қошқарата ауылдық округі әкімі М.Телеушов Қызтоған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан жайлым жерлер, ауыл ішілік көшелерді жөндеу жұмыстары туралы сұраныстарын білдірді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына "Ауыл аманаты" (төмен пайызды несие) жобасы және "Дипломмен ауылға" бағдарламалары бойынша қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті тұрғындармен кездесу кестесіне сәйкес аудан әкімі Жалғас Мұртаза Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Бүрлібаев, Жуалы аудандық соты Бабырхан Абуев, аудан прокуроры Ильяс Тойшыбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Сапиев, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындармен кездесу барысында округ әкімі Мейіржан Телеушов Қошқарата ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Келесі кезекте Жуалы аудандық соты Бабырхан Абуев сот саласындағы өзгерістерге тоқтала өтті.
Жиында тұрғындар тарапынан көтерілген маңызды сұрақтардың барлығы назарға алынып, оның бірқатарына сол жерде нақты жауаптар берілді.
#Жуалыауданы